Әуежай қызметі саласында қызметтер көрсету қағидаларына өзгеріс енгізіледі
Қорғаныс министрлігі ведомство басшысының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 366 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
2024 жылғы 3 сәуірде Қорғаныс министрінің № 319 бұйрығымен әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлақтық және жерүсті қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі бекітілді.
Осыған байланысты мемлекеттік мекеме қызмет көрсету қағидаларының 6-тармағында олардың түрлерін санаудың орнына жоғарыда көрсетілген тізбеге сілтеме көрсетілген.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы әуежай қызметі саласында ақылы қызметтер көрсетуді одан әрі іске асыру үшін әзірленген.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 14 маусымына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15073583
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -