Вандализмнің алдын алу үшін Астанада қандай шаралар қолданылады: Астана қаласы, 28 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Вандализмнің алдын алу үшін Астанада қандай шаралар қолданылады

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын қала көшелерінде 2300-ден астам полиция қызметкерлерімен қоса, ҚР Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімі жұмылдырылады. Полиция департаментімен жедел жағдайды тұрақтандыруға және қоғамдық орындарда және елорда көшелерінде тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы Астана қаласы ПД Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нысантаев елордадағы коммуникациялық қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамға қарсы көріністерге жағдай жасайтын факторлар ретінде ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында тұрақты негізде жедел-профилактикалық іс-шаралар және қоғамдық орындарда, көшелерде жасалған қылмыстардың алдын алу, жолын кесу бойынша жергілікті – рейдтік пысықтаулар жүргізіліп тұрады.

Астана қаласы Полиция Департаментімен кез келген заң бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Биыл «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру шеңберінде 58 187 әкімшілік хаттама толтырылған.

Өткен жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне бөтеннің мұлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауаптылықты белгілейтін 147-1 бабы енгізілді.

«Аталған бап қолданысқа енгізілген сәттен бастап 207 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 129 адамға 7,5 миллион теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды, ал 78 адам әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша 1 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 665 адамға 44 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, ал 331 адам әкімшілік қамауға алынды», - деді Қанат Нысантаев.

Қоғамдық орындарда және көшелерде полицияның кешенді күштері тұрақты болу қағидатын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Қызмет атқару кезінде патрульдік наряд азаматтардың жаппай болатын жерлерін, аула кеңістігін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасалуы ықтимал басқа да орындарды патрульдеу арқылы қамтиды, сол арқылы құқық бұзушылықтардың барынша тиімді профилактикасын жүргізеді. Жедел басқару орталығында және полицияның кезекші бөлімдерінде 30 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылғанын атап өткен жөн.

Бейнебақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 758 қылмыстық және 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар