Вице-министр Н.Шәрбиевтің Қырғыз Республикасы мен БҰҰДБ өкілдерімен кездесуі
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев пен Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрінің бірінші орынбасары Чоро Сейітов БҰҰДБ өкілдерінің қатысуымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын талқылады.
Кездесу барысында Н.Шәрбиев қырғыз тарапына БҰҰДБ-мен ынтымақтастық шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар және биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруі жөніндегі ағымдағы бірлескен жобалар, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру тетігі туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта биоалуантүрлілікті сақтау саласында 5 бірлескен жоба іске асырылып жатқаны атап өтілді.
Сонымен қатар, биыл Экология министрлігі БҰҰДБ-мен бірлесіп биоәртүрлілікті сақтаудың тиімді және инновациялық тәсілдерін қамтитын биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеуге кірісті және ол алдағы онжылдықтарда біздің еліміздегі табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді шешу үшін бағдар болады.
Сонымен қатар, БҰҰДБ қолдауымен Қазақстанның Ұлттық салымдары (ОНУВ) жаңартылды, онда 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқарту көзделуде. Қазіргі уақытта Министрлік ОНУВ 3.0 әзірлеп жатыр және оны 2025 жылғы ақпанда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының хатшылығына жіберу жоспарлануда.
«Елдеріміз арасындағы өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматта жалғастыруға үміт білдіргім келеді», – деді кездесу соңында вице-министр Н.Шәрбиев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -