Виталий Волынец «Құрмет» орденін алды: Ақтөбе облысы, 18 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Виталий Волынец «Құрмет» орденін алды

Виталий Волынец «Құрмет» орденін алды

Виталий Волынец «Құрмет» орденін алды

Әйтекебилік диқан, «Комсомол» ЖШС директоры Виталий Волынец еліміздің өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы секторының дамуына ықпал етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді араласып, заманауи озық технологияларды ауыл шаруашылығына енгізгені үшін ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Виталий Волынец өмірінің 40 жылға жуық уақытын ауыл шаруашылығына арнап келеді. Оған Орденді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында салтанатты түрде табыстады.

Виталий Волынец Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында туып-өскен.  Еңбек жолын 1981 жылы «Яйсан» совхозының тракторшы болып бастады. Қара теңіз әскери-теңіз флотында борышын өтеп келген соң, Жайсаң СПТУ №-13 механигі, сол уақытта осы оқу орнында Комсомол ұйымының хатшысы ретінде жұмыс істеді. 1998 жылы «Комсомол» өндірістік кооперативінің ауылдық жалпы жиналысында, бірауыздан «Комсомол» ЖШС төрағасы болып сайланып, бүгінге дейін басқарып келеді.

«Комсомол» ЖШС –  Әйтеке би ауданындағы ірі ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің бірі.  Кәсіпорын егін салып, шөп шауып, жайылымдық жерінде мал өсіріп келеді. Машина-трактор паркі толық жабдықталған. 2024 жылы 11251,43 га жерге бидай егіп, әр гектардан 10 ц өнімділік алды. Шаруашылық тұрақты түрде 92 адамды, маусымдық жұмыс кезінде 200 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Туған өлкені өркендетуге үлес қосып жүрген меценат жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетуді, аудан көлемінде өтетін мәдени және спорттық шараларға үнемі ат салысып, демеушілік етуді міндетіне алған. Мәселен, үш жыл бұрын оның қаржыландыруымен ашылған «Жас арыстан» күрес мектебінде қазіргі уақытта 76 бала тегін спортпен шұғылдануда.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Әйтекебилік диқан, «Комсомол» ЖШС директоры Виталий Волынец еліміздің өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы секторының дамуына ықпал етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді араласып, заманауи озық технологияларды ауыл шаруашылығына енгізгені үшін ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Виталий Волынец өмірінің 40 жылға жуық уақытын ауыл шаруашылығына арнап келеді. Оған Орденді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында салтанатты түрде табыстады.

Виталий Волынец Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында туып-өскен.  Еңбек жолын 1981 жылы «Яйсан» совхозының тракторшы болып бастады. Қара теңіз әскери-теңіз флотында борышын өтеп келген соң, Жайсаң СПТУ №-13 механигі, сол уақытта осы оқу орнында Комсомол ұйымының хатшысы ретінде жұмыс істеді. 1998 жылы «Комсомол» өндірістік кооперативінің ауылдық жалпы жиналысында, бірауыздан «Комсомол» ЖШС төрағасы болып сайланып, бүгінге дейін басқарып келеді.

«Комсомол» ЖШС –  Әйтеке би ауданындағы ірі ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің бірі.  Кәсіпорын егін салып, шөп шауып, жайылымдық жерінде мал өсіріп келеді. Машина-трактор паркі толық жабдықталған. 2024 жылы 11251,43 га жерге бидай егіп, әр гектардан 10 ц өнімділік алды. Шаруашылық тұрақты түрде 92 адамды, маусымдық жұмыс кезінде 200 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Туған өлкені өркендетуге үлес қосып жүрген меценат жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетуді, аудан көлемінде өтетін мәдени және спорттық шараларға үнемі ат салысып, демеушілік етуді міндетіне алған. Мәселен, үш жыл бұрын оның қаржыландыруымен ашылған «Жас арыстан» күрес мектебінде қазіргі уақытта 76 бала тегін спортпен шұғылдануда.

Аймақтағы жаңалықтар