Волонтер су тасқыны салдарын жоюға қатысқаны үшін наградталды
«Astana Venue Managment» компаниясының волонтері Мәлік Хасенов «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен наградталды.
Ведомстволық награданы министрдің атынан оған вице-министр Серік Төленбергенов табыс етті.
Еске сала кетейік, Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқыны кезінде ол волонтер достарымен бірге тұрғылықты халыққа көмек көрсетті. 14 күн бойы эвакуацияланған тұрғындарды, волонтерлерді, ТЖМ қызметкерлерін азық-түлікпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Қиын жағдайда қалған азаматтарға қолдау көрсетті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -