www.eaqtobe.kz арқылы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту үшін өтініш беру
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі.
Бүгінгі күні тұрғындар жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті геоақпараттық жүйесі арқылы жібере алады. Қызметті пайдалану үшін
www.eaqtobe.kz
сайтына
кіріп, "Жер қатынастары" бөлімінен "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін таңдау қажет. Әрі қарай өңірді таңдап, қажетті құжаттарды жүктеп, өтінішке қол қоясыз. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" – «Нәтижелер файлдары» тарауынан қадағалауға болады.
Қосымша ақпараттарды Алтынсарин көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан «
Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ алу болады. Байланыс телефон
8 (7132) 417049
, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасы: aqtobe_zher_qatynastary_bolimi.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -