XII Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы Қазақстанда өтеді
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелеріне арналған XII Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы 2024 жылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өтеді. Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Еуразиялық экономикалық комиссия және «Антиконтрафакт» халықаралық қауымдастығы болып табылады.
«Қазақстан контрафакт деңгейін төмендетуге, инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және адал бәсекелестікті қолдауға мүдделі ел болып табылады. Жалған өнім айналымына қарсы іс-қимыл-экономикаға деген сенімді нығайтуға және зияткерлік меншікті құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі. Қазақстан контрафакт деңгейін қысқартуға және орнықты экономикалық өсу мен инновациялық даму үшін жағдай жасауға ықпал ететін тиімді шараларды енгізу үшін халықаралық ұйымдармен және серіктестермен белсенді ынтымақтасады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында Пленарлық отырыс және құқықтық реттеу, кедендік бақылау, тұтынушылар құқықтарын қорғау, электрондық сауданы дамыту, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында IT-технологияларын қолданудың өзекті мәселелеріне арналған 10 пікірталас сессиясы өтеді.
«Еуразиялық экономикалық одақ аясында контрафактілік және жасанды өнімдердің өндірісі мен таралуына қарсы күрес жүргізу бойынша ең тиімді жүйе – бұл Одақтың барлық мемлекеттерінің бірлескен және үйлесімді күш-жігеріне негізделген шаралар жүйесі. Осы тұрғыда контрафактінің таралуымен күрес процесін синхрондауға және оңайлатуға көмектесетін механизмдерді дамытуға да көңіл бөлу қажет. «Антиконтрафакт» форумы аясында аталған мәселелерді кәсіби талқылау өтетініне сенімдімін, бұл Еуразиялық экономикалық одақ нарығында контрафактілік өнім айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», - деп атап өтті ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов.
Форумға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, құқық иеленушілер, тауар өндірушілер, тұтынушылар ассоциациялары, сарапшылар, кәсіби қауымдастықтар мен БАҚ өкілдері шақырылады. Биыл сондай-ақ Үндістан, Иран, Қытай, Тунис, Түркменстан және Өзбекстан елдерінің дипломатиялық корпусы мен компаниялары да қатысуға шақырылды. Форум гибридті форматта өтеді, қатысушыларға офлайн және онлайн, бейне конференция арқылы қатысу мүмкіндігі ұсынылады.
«Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімдерден нарықтарды қорғау саласындағы шешімдерді талқылау және әзірлеу үшін әлемдегі жетекші алаңдардың бірі ретінде танылды. Форум мемлекеттік органдар, бизнес, ғылыми қауымдастық және жұртшылық арасындағы конструктивті диалогты қолдайды. 2024 жылы Қазақстан Республикасының бұл шараны қабылдауға дайын екендігіне ризамыз. Уақыттың тығыздығына қарамастан, форум лайықты деңгейде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтілетініне сенімдімім», - деп атап өтті «Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығының президенті, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Владислав Резник.
Форумның нәтижелері ЕАЭО мемлекеттері заңнамасын үйлестіруге қатысты ұсынымдарды қамтитын Қорытынды резолюцияда көрсетіледі. ЕАЭО-ға қатысушы елдердің БАҚ-тарында және халықаралық БАҚ-та кеңінен жариялау аса өзекті мәселелерге назар аударуды қамтамасыз етеді.
Анықтама:
«Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығы 2011 жылдан бері ЕАЭО аумағында заңсыз тауар айналымына қарсы күресумен айналысып келеді, азаматтарды және бизнесті жалған өнімнен қорғау үшін ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Қауымдастық ұлттық заңнамалар мен акциздерді синхрондауды қолдайды, федералды шаралар ұйымдастырады, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысады, жастарды заңсыз өнімдермен күресуге тартуға және ЕАЭО елдерінде «сұр» нарықтың көлемін төмендетуге ықпал етеді.
БАҚ үшін байланыс:
«Антиконтрафакт» баспасөз қызметі
+7 (962) 183-42-43
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -