«ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҮРІС-ТҰРЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Күн суытқанда қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігі арта түседі. Азаматтарды қысқы кезеңге дайындау мақсатында 2024 жылдың 8 қарашасында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Instagram парақшасында «Қысқы кезеңдегі жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында тікелей эфир өтеді.
Эфир қысқы кезеңдегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін, жарақаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға үйренгісі келетіндерге, сондай-ақ аяз, толассыз қар және басқа табиғи құбылыстармен байланысты қауіп-қатерлер жағдайында дұрыс әрекет ету жолдарын білгісі келетіндерге пайдалы болады.
Эфирдің спикерлері:
Дидар Кажкенов — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы. Динара Нұрғалиева — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.Сарапшылар эфир барысында:
Қысқы кезеңде үйде және көшеде жарақат алуды және төтенше жағдайларды болдырмау жолдары туралы; Қар құрсауы жағдайында және мұзды жолдарда қауіпсіз көлік жүргізудің ережелері туралы; Автомобильді және үйді қыс жағдайына қалай дайындау керектігі туралы; Боран, қарлы дауыл немесе қар көшкіні сияқты төтенше жағдайлар кезінде не істеу қажет екендігі туралы; Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік туралы басқа да маңызды кеңестермен бөліседі.Эфир қатысушылары эфир барысында тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болады. Сұрақтарды эфир басталмай тұрып посттың астында қалдыруға болады.
Қысқы кезеңде өзіңіз бен жақындарыңызды қалай қорғау керектігін білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Тікелей эфир 8 қараша күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Instagram парақшасында өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -