Қытаймен технологиялар трансфері саласындағы ынтымақтастықтың нығайуы
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев пен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар трансферті орталығының өкілдері арасында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылау болды.
Кездесу барысында озық жасыл технологиялармен алмасу, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы әрекеттесу мәселелері талқыланды.
Вице-министр технологиялар трансферті Қазақстанның экологиялық және экономикалық мақсаттарын жүзеге асыруда стратегиялық рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, тұрақты даму мен экономикалық ілгерілеуге қол жеткізу үшін бірлескен жобаларды әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -