Қызылорда бойынша МҚІА департаменті қызмет алушының бұзылған құқығын қалпына келтірді
ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаменті азаматтың шағымы негізінде тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жер телімін жалдау мерзімін ұзарту бойынша мемлекеттік қызметті беруден негізсіз бас тарту фактісін анықтады. Енгізілген нұсқама негізінде қызмет алушыға ғимарат құрылысы және оған қызмет көрсету үшін жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы жаңа мерзімге беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -