Қызылорда құтқарушысы мемлекеттік наградамен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ еліміздегі су тасқыны кезеңіндегі көрсеткен ерлігі үшін Еркін Әмірханов мемлекеттік
награда «Ерлігі үшін»
медалімен марапатталды.Еркін Әмірханов азаматтық қорғау органында 12 жыл қызмет етеді. Азаматтық қорғау саласында тәжірибелі және өзінің қызметтік міндеттерін тиімді және адал орындайтын
Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы қызметін абыроймен атқарып келеді.Сондай-ақ, ол елімізде орын алған су тасқынының алдын алу үшін құтқарушылар қатарында болды. Бас құтқарушы Е. Әмірханов Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамымен 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы су тасқыны жағдайын жоюға көмек көрсетуге жіберілді.
2-6 сәуір аралығында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылындағы су тасқын Е. Әмірханов тәуліктің кез келген уақытында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан құтқару және эвакуациялау жұмыстарына қатысты, 1395 ауыл тұрғындарын су басқан аумақтың батыс жақ бетінен шығыс жақ бетіне қарай тасымалдау жұмыстарын жасады. Ағымдағы жылдың 7-11 сәуір аралығында Қостанай облысы Тобол өзені жағасын құммен қаптарды толтырып, бөгетті бекіту жұмыстарын және қауіпті аумақтарда кезекшілік жүргізді. 19-20 сәуір аралығында Батыс-Қазақстан облысы Орал қаласы аумағында орналасқан саяжайлар тұрғындарын эвакуациялау мен бөгеттерді күшейту жұмыстарын орындады. 24 сәуір-21 мамыр аралығында Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында Жайық өзеніндегі мол судың салдарынан аралда қалып қойған 172 бас малдарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстарына белсенді қатысты.
Осылайша, авариялық-құтқару жұмыстары кезінде бас құтқарушы Еркін Әмірханов өз кәсіби шеберлігі пен қайсарлығын танытты.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -