Ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған конференция туралы
Астана, 2024 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратында БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп «Ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және консультацияларды кеңейту тетіктерін жетілдіру» атты конференция өз жұмысын бастады.
Конференцияның ашылу салтанатына БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және ядролық қаруға қарсы белсенді активисті Кәріпбек Куюков қатысты.
Іс-шараға ядролық қарусыз аймақтарының (қазіргі уақытта бұл аймақтар Латын Америкасында, Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Тынық мұхиты аймағында, Орталық Азияда және Моңғолияда құрылған) хатшылықтары мен мүше мемлекеттердің дипломаттары, БҰҰ мен аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысуда. «Ядролық бестікке» мүше елдердің және ядролық қарусыздану мәселелерімен айналысатын халықаралық үкіметтік емес және академиялық құрылымдардың делегациялары бақылаушылар ретінде қатысады.
Іс-шара барысында ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және жаһандық ядролық қарусыздану және таратпау режимін нығайту мақсатында БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі басқа платформаларымен өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету шараларын талқылау жоспарлануда.
Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес жыл сайын 29 тамызда – 33 жыл бұрын Семей полигоны жабылған күні аталып өтетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орайластырылып отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -