ЗАМАНАУИ СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ОНКОПАЦИЕНТТЕРДІ ЕМДЕУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында заманауи сәулелік терапия орталығының ашылуы онкологиялық көмектің сапасын және пациенттер үшін диагностика мен емдеудің озық әдістерінің қолжетімділігін арттыру жолында қадам жасауға мүмкіндік береді.
Орталық жаңа сәулелік аппараттармен - жаңа нұсқадағы желілік үдеткіштерімен, сондай-ақ «Қазақстан халқына» ҚҚ қаржылық қолдауымен сатып алынған компьютерлік томографпен жабдықталған.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа жабдықта диагностиканың дәлдігі мен жылдамдығының маңыздылығын, бұл жалпы қатерлі ісіктері бар пациенттерді емдеудің тиімділігін арттыратынын ерекше атап өтті.
Сәулелік терапияны көрсету үшін елімізде сәулелік жабдықтың 32 қондырғысы бар, сондай-ақ 6 томотерапия аппараты жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -