Үздік сержант – болашақ офицер!
Шоқан Уәлиханов атындағы және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледждерінің түлектері Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының екінші курсына қабылданды.
Әскери колледждерді үздік бітіргендерге тамаша мүмкіндік беріледі, яғни олар Құрлық әскерлерінің білім ордасында қалаған мамандықтары бойынша оқуды жалғастыра алады.
- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 2 курс курсанты болғаныма өте қуаныштымын, - деді бала кезінен офицер болуды армандаған кіші сержант Нұрхат Сағындық.
Ол ел қорғаушыларына табандылық, батылдық, байсалдылық және шыдамдылық сияқты қасиеттер тән. Әскерде адамдар мінезін шыңдайды, әскери қызмет жастарды нағыз ер адамдарға айналдырады дейді.
Бұл оқу орнының түлектері Қазақстан офицерлер корпусының 70%-дан астамын құрайды. Алматыдағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты 15 мамандық бойынша жоғары әскери-кәсіптік білім беру бағдарламасымен офицер кадрларды дайындап келеді. Бұл білім мекемесінің түлектері, әдетте, физикалық тұрғыдан өте мықты, тапсырмаларды орындауға, бөлімшелерді басқаруға және жеке құрамды оқытуға қабілетті.
Әскери жоғары оқу орнының қабырғасынан жарты ғасыр ішінде 18000-нан астам маман білім алып шықты, оның ішінде тәуелсіздік жылдары институтта 9000-ның үстінде офицер даярланды. Айта кетейік, 120 түлек оқуды алтын медальмен және «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен аяқтап, үздіктердің аты-жөні институттың Құрмет кітабына енгізілді. Осы білім ошағын бітірген 80-нен аса түлегі «генерал» атағын берілген. Институт тек Қарулы күштерге, еліміздің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттерге де офицерлер дайындайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -