ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодекісіне байланысты бюджеттің есебінен субсидияланатын мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру көзделген. Субсидия арнайы жұмыс орындарын жабдықтандыру үшін құрылғыларды орнату және монтаждау, алуға шығындардың орнын толтыру, мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге мақсатында жұмыс берушілерге ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары Мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орыны стандартына сәйкес келуі қажет, мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкіндіктерінің есебімен жабдықталады (2023 жылғы 26 мамырындағы № 179):
- кресле-арбада қозғалатын мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орынының стандарты;
- көруін толық жоғалтқан мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орынының стандарты;
- естуін толық жоғалтқан мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орынының стандарты.
Өскемен қаласы мансап орталығы қаржыландыру шегінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау жағдайы және ережесіне сәйкес, келе жатқан қаржылық жылға сұранымдарды жинауды жүзеге асырады (2023 жылғы 29 маусымдағы № 266)
Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындары үшін субсидия. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру үшін субсидия алуға сұранымдар қабылданады. Келесі жылға сұранымдарды
сайтында немесе Өскемен қаласы мансап орталығы қағаз түрінде беруге болады. Жұмыс берушілерге бюджеттен жұмыс орындарын жабдықтауға шығындар өтеледі. Өскемен қаласының Мансап орталығына, Шәкәрім даңғылы 149/10. 4 кабинетке жүгіну қажет. Анықтама телефоны: 700669Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -