Риддер қаласының жылу электр орталығы қысқы маусымды қосымша екі қазандықпен бастайды
Егер станцияда қандай да бір ақау шықса, жұрт жылусыз қалмайды, қазандықтар резервтегі қуат көзіне қосылады. Қазір энергетиктер негізгі агрегаттарды іске қосып жатыр. Бұдан бөлек жазда 19 шақырым жылу желісі жөнделген.
Биыл жылу электр орталығына цифрлық жүйе енгізілді. Кәсіпорын қысқы мезгілге 250 мың тонна көмір дайындайды.
– Қазір станцияда 7100 тонна көмір бар. Бұл – 20 күндік қор. Сонымен қатар 148 күнге жететін мазут тұр. Оның тағы 180 тоннасын күтіп отырмыз, – деді Риддер ЖЭО бас инженері Кирилл Голота.
Айта кетейiк, жылу шеткі шағын аудандарда да реттелді.
– Қазір жергілікті қазандықтар жөнделіп, күн суытқанша көпқабатты үйлер қосылады.Биыл жылу ертерек беріле бастайды. Сонымен қатар демалыс күндері 2-ші және 4-ші шағын аудандарының тұрғындары жылуға қосылады, – деді Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиев.
Өңірде алдағы жылыту маусымының дайындығына жергілікті бюджеттен 20 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалды. Оған жылу электр орталықтары мен қазандықтар жөнделді. Сонымен қатар шалғай аудандардың орталықтандырылған жүйесі қалпына келтірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -