ШҚО-да 1379 үй өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған
ШҚО-да 1379 үй өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны туралы анықталды. Бұл туралы ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген отырысында баяндады.
Бақылау нәтижесінде 1379 үйдің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны мәлім болды, оның жылыту жүйесіне (пештерге)-617, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға-540 және басқа сипаттағы ережелерді бұзу фактісі бойынша-227 үй анықталған. Осы үйлердің иелерімен ереже бұзғаны үшін тәлім мақсатындағы нұсқаулықтар жүргізілді.
- Тамыз айының бесінен бастап облыста жеке тұрғын үй секторында тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары арасында профилактикалық жұмыс басталды. Бүгінгі күні есептеу бойынша 3101 үй бар, бұл өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 13% - ға аз. Өрт қауіпсіздігі ержелерін сақталғанын тексеру үшін үйлерді қайта аралау 2024 жылдың 15 қазанына жоспарланған, - деді Нұржан Өміржанов.
Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ШҚО ТЖД қызметкерлері жеке сектордың әлеуметтік осал және мүмкіндігі шектеулі тұрғындарына мұржаларды тазалауға, пеш жабдықтарындағы ақауларды жоюға және пештердің алдына қорғаныс парақтарын орнатуға көмектесті.
Сонымен қатар, мониторинг барысында 3101 үйдің 946-сына көміртегі тотығы датчиктерін орнату қажет екендігі анықталды, өйткені бұл үйлер ескерусіз қалған көрінеді. Бүгінгі таңда 251 сенсор орнатылды, жұмыс жалғасуда.
Сегіз айда жеке сектордағы өрттердің саны 13% - ға, өрт кезінде қаза тапқандар саны 22% - ға азайған. Алайда көміртегі тотығымен улану 4,7% - ға өсіп, көміртегі тотығынан қайтыс болғандар саны 25% - ға өскен.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -