Жұмыстың ерекшелігі – адамдарға көмекке келу
Жедел медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері Қайрат Бексұлтанның айтуынша: ШҚО филиалында 13 дәрігер жұмыс жасайды, 2024 жылы Аппатар медицина орталығының филиалы 281 рет әртүрлі төтенше жағдайларға іс-сапарға шығуды қамтамасыз етті, 70-тен астам азаматқа көмек көрсетілді,27 адам эвакуацияланды.
Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері шалғай және жетуге қиын елді мекендерге барып,медициналық мекемелерден қашықтықта орналасқан елді мекендерден тыс жерде жұмыс істейді. Бөлім бастығының шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі орынбасары Гульнар Мусабалинова 2015 жылы Алтай өңірінің тұрғындарына су тасқыны кезінде медициналық көмек көрсетіп, ауруханада дәрігерлік қабылдаулар жүргізгенін айтты,шығыс қазақстан филиалы апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өрістеде қолданыла алады.
«Глубоковский ауданы, Алтай ауылы, Ертіс кенішінде екі кеншінің жұмыс кезінде қазылған тас басып қалғаны есімде.Солардың біреуі, 1991 жылы дүниеге келгені біздің көмегімізге мұқтаж болды. Шахтаға түсіп,таңғыш салып, шұғыл көмек көрсеттік», – дейді дәрігер Қайрат Бексұлтан.
Апаттар медицина орталығының қызметкерлері жануарларға да көмекке келеді. Өткен жылы облыс орталығындағы тұрғын үйдегі өрт кезінде өрт сөндірушілер жану өнімдерінен уланып, ес-түссіз жатқан екі бенгал мысықтарын алып шықты. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жасанды тыныс алу аппаратын және тиісті реанимациялық шараларды қолданып,жануарларды тірілтті.
Обылысымзда апаттар медицинасы орталығы мамандары қызмет көрсететін тас жол медициналық құтқару орталығы бар. Шұғыл көмек көрсету үшін бір ауысымда 5 адам кезекшілік етеді, пункте арнайы құрал жабдықтармен жабдықталған жедел жәрдем бар.
«Көбінде апаттар тас жолда болады.Түрлі жарақат алған жолаушылар төтенше жағдайға тап болады.Оқиға орнына келіп, зардап шеккендерді тексеріп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетеміз. Содан кейін ауыр жарақат алған азаматтарды жақын жердегі медициналық мекемеге жеткіземіз.Біз елді мекендердің тұрғындарына тәулік бойы барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Көбінесе олар үй шаруасындағы жарақаттар,қан қысымының жоғарылауы,тіпті бөгде денені алып тастау және босанған әйелге көмектесу жағдайларыда болған. Үш жыл бұрын автобус толған жолаушылар қар үйіндісіне тап болды, жылытуды ұйымдастыруға тура келді.Сондай-ақ бізде құтқару құралдары бар, жол апаты кезінде көлікті «ашу» үшін,арнайы медициналық жабдық, соның ішінде зардап шеккендерді реанимациялау», - үшін деп атап өтті Гульнар Мусаблинова.
Мұндай жұмыста жақсы дәрігер болу ғана емес, батылдық пен мықты мінез қажет екенін түсіну маңызды. Бригада кейде үлкен шиеленіс пен жауапкершілік жағдайында,апат болған аймақта жұмыс жасайды.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -