Жүріп-тұру құралдарымен және протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды
Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы жүріп-тұру құралдарымен және протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз жазуыңызға болады. Мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) операторына жүгінуіңіз қажет.
ХҚКО-на қажет құжаттар:
1. Жеке басты куәландыратын құжат;
2. Мүгедектігі бар анықтама;
3. АОЖБ анықтамасы.
ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз беру үшін мүгедек адамнан Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
1. жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) туралы;
2. мүгедектікті белгілеу туралы;
3. АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Мобильді азаматтар базасында көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -