Жаңатас қаласында 34 отбасы баспаналы болды: Жамбыл облысы, 11 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жаңатас қаласында 34 отбасы баспаналы болды

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 34 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, халық игілігіне берілді.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қоныс той иелерін құттықтап, баспана кілттерін салтанатты түрде табыстады.

– Халықты тұрғын үймен қамту саясаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Біз өңір тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтудамыз, – деп атап өткен Ербол Қарашөкеев баспаналы болған отбасылардың шаңырағына құт-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі.

6 шағынауданда орналасқан тұрғын үй 1991 жылы бой көтерген. Ағымдағы жылы жеке кәсіпкердің есебінен қалпына келтіріліп, мемлекеттік қорға сатып алынды.

Мұнда 2 бөлмелі – 24, 3 бөлмелі – 10 пәтер бар. Сонымен бірге тұрғын үй алдында балалар ойын алаңшасы қарастырылған.

Айта кетейік, баспана ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған азаматтарға, оның ішінде көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға берілді.

– 6 баламның бағына орай баспаналы болу бақыты бұйырды. Көпбалалы ана ретінде ардақтаған Мемлекетімізге, басшыларға алғыс айтамын! — дейді жаңатастық Малика Әлібекова.

– 5 баламмен жалдамалы пәтерде тұрдым. Бүгін көптен күткен арманым орындалып отыр. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, — деді 2 бөлмелі пәтерге ие болған Ақмоншақ Бимендиева.

Биыл Жамбыл облысында 750 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері 392,1 мың шаршы метр баспана берілді.

Бүгінде 3 709 пәтерлі 78 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 51 үйді (2 569 пәтерлі) биыл ел игілігіне беру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында 140 жасқа пәтер кілтін беру жоспарда бар.

2023 жылы 19 көпқабатты тұрғын үй (1100 пәтерлі) берілсе, биыл 2 569 пәтерлі 51 үй пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өткен жылы 864 пәтер алынса, ағымдағы жылы 1 575 пәтер сатып алынады.

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима Жамбылской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар