Жалпы белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы
2024 жылғы 13 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 30 МВт гидроэлектр станциясының жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 37.9 МВт құрады.
2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 10 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз атанды:
«DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 10 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 28.8 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Мырзашөл Құс» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 32.5 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Ажур» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 33.95 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 34.81 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Сары Айғыр-Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2.7 МВт, аукциондық бағасы 35 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Көксу Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.2 МВт, аукциондық бағасы 35.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «ВЭС Толкын» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 0.5 МВт, аукциондық бағасы 40.5 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және USAID өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -