Жамбыл облысы әкімінің шыршасы өтті
Таразда «Ғажайып оқиғаларға толы Жаңа жыл!» тақырыбында Жамбыл облысы әкімінің балаларға арналған дәстүрлі шырша мерекесі өтті.
Балалардың қуанышына өңір басшысы Ербол Қарашөкеев ортақтасып, оларға 80 мың теңгенің сертификаты мен тәтті сыйлықтар тарту етті.
Шырша мерекесінде балақайлар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады. Түрлі әндер шырқалып, театрландырылған қойылым көрсетілді. Балалардың жүздері бал-бұл жайнап, шаттана би билеп, ән салды.
Аталған шараға жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың шыққан 100 бала қатысты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің атынан өтетін жаңа жылдық шырша қатысушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылды.
Балалар алдымен «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралады, әрмен қарай облыстық драма театрға барды. Театрда балаларға арналған жаңа жылдық қойылым көрсетілді. Қойылымнан ерекше шабыт алған олар қайта жолға шығып, спорт кешеніне аялдады. «Тараз-Арена» және «Теннис» спорт кешендеріндегі жаттығу залдарын, бокс алаңын және бассейнді аралап, мекеме жұмысымен танысты. Осылайша бүлдіршіндердің қызықты өткен күні «Танысу кешімен» жалғасын тапқан болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -