Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізіледі
Әскери білім және ғылым департаменті «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 1102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады.
ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 16 шілдедегі Өкімінің 54-тармағын орындау үшін Қорғаныс министрі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 1102 бұйрыққа қол қойды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені кейінірек қабылданған «Ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 491 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында Қорғаныс министрлігі жоғарыда көрсетілген Қорғаныс министрінің бұйрығына өзгерістер енгізеді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы жаңартылған ереже «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңы 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді. Нормативтік құқықтық акт елдің Қорғаныс ведомствосындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 6 қаңтарға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15364505
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -