Жамбыл облысының судьялары мен Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері студенттермен кездесу өткізді
Жамбыл облыстық сотының және ҚР Жоғары Сот Кеңесінің өкілдері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің студенттерімен семинар өткізді.
"Қалай судья болуға болады" тақырыбындағы іс-шара студенттерге сот жүйесінің жұмыс істеуі, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен процестері және судья болудың басқа аспектілері туралы ақпарат беру мақсатында заң факультетінің түлектеріне ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облыстық сотының төрағасы Е.Ахметжанов, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Е. Бегалиев, С.Әміртаев және Г. Нұрлықұлов, облыстық соттың судьялары, сондай-ақ жоғарыда аталған университеттердің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Спикерлер кездесудің негізгі мақсаты - судьяларды іріктеу рәсімдері, біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу процесі және сот жүйесіне білікті заңгерлерді тарту туралы ақпараттандыру екенін атап өтті.
Өз кезегінде Е.Ахметжанов болашақ заңгерлерге судьялар мен сот жүйесінің мемлекеттік қызметшілері жұмысының маңыздылығы мен соттарының жетістіктері, соттар жұмысында қолданылатын заманауи технологиялар туралы айтып берді.
Іс-шара барысында студенттер кездесу қонақтарына өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.Қорытындылай келе, спикерлер қатысушыларға қызығушылық танытқаны және белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -