ЖАС ҒАЛЫМДАР ӘЛЕМНІҢ ОЗЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
«Болашақ» бағдарламасы «500 ғалым» жобасы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Су сапасын мониторингілеу және сулы технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, постдокторант, PhD Еркебұлан Райымбеков және «Бизнес-инкубатор» бөлімінің басшысы, постдокторант, PhD Мақсат Қамбатыров Германияның Мюнхен қаласындағы Мюнхен техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама жетекшісі – әлемге әйгілі химик-ғалымдардың бірі Мюнхен техникалық университетінің Құрметті Президенті, профессор Герман Вольфганг.
Жас ғалымдар аналитикалық химиядағы озық зерттеулер және химиялық зерттеулерді жүзеге асырудың заманауи әдістемелері тақырыптары бойынша жетекші университеттің зертханаларында тәжірибе алмасуда. Сондай-ақ тағылымдама барысында Оңтүстік Қазақстан университеті ғалымдары Мюнхен техникалық университеті құрамындағы Катализдік зерттеу орталығы, Ақуызды функционалды қосылыстар орталығы, Нейтрондарды зерттеу орталығы, Озық зерттеулер институтының жұмысымен танысты.
Айта кету керек, Германияның аталған университеті әлемдік QS рейтингісінде 37 орында және оқу ордасынан 17 Нобель сыйлығының лауреаттары шыққан, соның ішінде 4-еуі химия бойынша.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -