«Жасыл ел» жастары су айдындарын қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстық жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, шомылу маусымы шеңберінде жұмыстар жүргізуде.
Бекітілген бірлескен жоспар аясында Қонаевтың қалалық коммуналдық жағажайларында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағынан 1 мыңға жуық еріктілердің қатысуымен рейдтер мен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және халықты судағы қауіпсіздік негіздеріне үйрету болып табылады. Еріктілер жағажайларға келушілермен белсенді қарым-қатынас жасайды, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіреді, қажетті ақпаратты береді және қажет болған жағдайда көмек көрсетеді.
Іс-шаралар барлық шомылу маусымында тұрақты түрде өткізіліп, негізгі демалыс орындарында еріктілердің тұрақты қатысуы мен қолдауын қамтамасыз етеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -