Жазғы демалыс құтқарушылармен
Жаз мезгілдік сипаты мен ауа-райын ескере отырып, лагерьлердің өртке қарсы жағдайына көп көңіл бөлінеді. Балалар көптен күткен демалыстарын жазғы балалар лагерьлерінде қызығушылықпен және пайдамен өткізеді.
Білім, денсаулық сақтау басқармасымен және полиция департаментімен бірлесіп Алакөл ауданының «Шағала» және «Жалын» балалар сауықтыру лагерлерінде «Қауіпсіз демалыс» акциясы өткізілді.
Бұл акция балалардың судағы мінез-құлық қауіпсіздігінің негізгі ережелеріне, өрт кезіндегі әрекеттерге және басқа да төтенше жағдайларға қызығушылығын дамытуға бағытталған.
Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері балаларға, тәлімгерлерге және лагерь басшылығына суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын, өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша, қандай да бір төтенше жағдайлар кезінде қандай іс-әрекеттер жасау керектігін балаларға өздерінің құтқару және басқа да жұмыстарды орындайтын киім-кешектерін, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті.
Балалар белсенді сұрақтар қойып, құтқарушылардың жұмысына деген қызығушылықтарын көрсетті. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап ала отырып, құнды білім алды. Құтқарушылар мұндай практикалық сабақтардан кейін балалар тұрақты және төтенше жағдайларға дайын болады деп санайды.
Іс-шараны қорытындылай келе, өрт сөндірушілер балаларға нағыз субұрқақ ұйымдастырып, балалар шын жүректен көңіл көтерді. Бүлдіршіндер өз ара әсерлерімен бөлісті, біздің құтқарушыларымыз кішкентай мереке қатысушыларға ұнағанын көріп өте қуанышты болды. Олардың көпшілігі құтқарушы болып, адамдарға көмектескісі келетінін айтты.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -