Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі бойынша баспасөз конференциясы өтті
Жамбыл облысының өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жазғы кезеңде балалардың жарақаттануы мен қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Жамбыл облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Ербол Несіпбай және төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дархан Жапаров спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Ербол Несіпбай орта мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, балалардың сауықтыру орталықтарында өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық іс-шараларды өткізу жөнінде, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар, жеке тұрғын үйлерде және көп қабатты үйлерде тұратын балалар арасында төтенше тжағдайларға жол бермеу бойынша кеңінен тоқталды.
Дархан Жапаров өз сөзінде балалардың терезеден құлауы жағдайларының алдын алу, рейдтік іс-шаралар мен акциялар өткізу, терезелер мен балкон есіктеріне қорғаныс құралдарын орнату қажеттілігі сондай-ақ судағы мінез-құлық ережелерін сақтау туралы айтты. Ересектер міндетті түрде балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндірме сипатындағы әңгімелерді жүргізуі керек. Ата-аналарға балаларының қандай жүріс-тұрыстарына жіті назар аударулары керектігі туралы ұсыныстар берілді.
Профилактика жергілікті атқарушы органдармен және тиісті ұйымдар мен мекемелермен бірлесіп жүргізілетінін атап өткен жөн. Соңында спикерлер халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -