Жетінші бағалау циклінің климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық тобының төрағасымен кездесу
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі жетінші бағалау циклінің климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық тобының төрағасы Джим Скеамен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында келесі жаһандық қорытындылауға маңызды үлес қосатын жетінші бағалау баяндамасын дайындаудың маңыздылығы, сондай-ақ әдіснамалық есептерді дайындау үшін сарапшылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі атап өтілді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың жұмыс нәтижелері негізінде Үкімет аралық топ жүргізетін климаттың өзгеруін бағалау саясаткерлерге ұтымды, дәлелді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Анықтама ретінде. Үкімет аралық топ – 1988 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) құрған климаттың өзгеруін бағалаудың жетекші органы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -