Жетісу облысында 2024 жылдың бес айында бала туу мен оның күтіміне байланысты жәрдемақы 24 мыңнан астам рет берілді.
Жетісу облысында 2024 жылдың бес айында бала туу мен оның күтіміне байланысты жәрдемақы 24 мыңнан астам рет берілді. Жетісу өңірінде әлеуметтік саладағы сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – бала тууы мен оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды ресімдеу. 2024 жылы 5 айда 24 380 өтініш қаралып, 2 млрд жуық теңге төленді. Естеріңізге сала кетейік, 1414 нөмірінен бірнеше SMS-хабарламаға жауап беру арқылы жәрдемақы алуға проактивті түрде өтініш беруге болады. Осылайша, бала туылғаннан кейін анасына өтініш беру туралы SMS-хабарлама келеді. Сіз оң жауап беріп, жәрдемақы жіберілетін банк шотының нөмірін көрсетуіңіз керек. Осыдан кейін бала туу және 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы проактивті түрде беріледі. Бала тууға байланысты жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты екенін ескеріңіз. Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда жәрдемақы 140 296 теңгені (38 АЕК) құрайды. 4-ші балаға және одан кейінгі балаларға – 232 596 теңге (63 АЕК). Жұмыс істемейтін әйелдерге 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылар: Бірінші баланы күтуге – 21 266 теңге (5,76 АЕК); Екінші баланы күтуге – 25 143 теңге (6,81 АЕК). Үшінші баланы күтуге – 28 982 теңге (7,85 АЕК). Төртінші және одан да көп баланы күту үшін – 32 859 теңге (8,90 АЕК). Бала 1,5 жасқа толғанға (босанғаннан кейін) күтім жасау бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы тек жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа да байланысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -