Жетісу облысында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу шеңберінде 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп, биік ғимараттардағы өртті сөндіру кезінде өзара іс-қимыл пысықталды.
Бұл оқу-жаттығудың мақсаты биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін қажетті күштер мен құралдардың жедел әрекет етуін арттыру, адамдарды сөндіру, құтқару және эвакуациялау тактикасын пысықтау, сондай-ақ халықты қауіпсіздік ережелеріне оқыту болды.
Тактикалық шартқа сәйкес, шартты өрт жертөледегі электр қораптың қысқа тұйықталуынан өрттің жоғарғы қабаттарға таралуына қаупі болды.
Жоғары дәрежелі шақыру орнына сигнал түскен кезде барлық өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді, олар полиция, жедел жәрдем, энергетика, газдың авариялық қызметтері.
Шартты шақыру орнына келгеннен кейін жедел өрт сөндіру штабы және шартты өртті құтқару, эвакуациялау және сөндіру бойынша 5 жауынгерлік учаске құрылды.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің өзара іс-қимыл жасайтын күштері уақтылы келіп, іс-қимылдардың үйлесімділігін көрсетті.
Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағыт алды.
Осыған байланысты өскелең ұрпақ пен олардың ата-аналарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру шеңберінде өрт туындаған жағдайда іс-қимыл бойынша шеберлік сыныптары, ТЖ туындаған кезде халықтың сауаттылығын арттыруға бағытталған нұсқамалар мен профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -