Жетісу облысының сүңгуірлері Балқаш көлін қоқыстан тазартты
Шомылу маусымы қарсаңында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы ТЖД
жеті
өзеннің
інжу
-маржанынБалқаш
көлінің
жағалау
аймағын
–суастында
тазартты.
Сонымен қатар, арнайы бригада мен ТЖД сүңгуірлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұзындығы 10 шақырым және тереңдігі 5 метрге дейінгі Балқаш көлінің аумағы түрлі тұрмыстық қоқыстардан тазартылды. Сүңгуірлер түбінен 360 кг-нан астам қоқыс шығарды (целлофан, пластик және т.б.).
Құтқарушылар бұдан әрі демалушылардың одан әрі жайлы болуы үшін Жетісу өлкесінің бірегей су айдындарының жағалау аймақтарын тазартуға ниетті.
Осы арқылы «Таза Қазақстан» акциясы барысында жердің беті ғана емес, өзен-көл асты да назардан тыс қалмауы керек» дей отырып, халықты көл жағасы мен су ішінде тазалықты сақтауға шақырды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -