Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке келді
Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 70 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары 4 адамды құтқарды. Белгілі болғандай олар үш жүк көлігімен өзеннен өту кезінде тұрып қалған. Сондай-ақ, туристік топтың құрамында Бурхан-бұлақ сарқырамасынан қайтып келе жатқан 30 адам жағадан екінші жағалауға жеткізілді.
Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
ТЖД таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Төтенше жағдай кезінде «112» нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -