Жетісу облысы ТЖД брифинг өткізді
Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Шомылу маусымындағы балалар қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының aғa офицері капитан Бағдат Тыныбек сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында су айдындарындағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері жеткізілді. Айта кету керек, балаларды су айдындарында қараусыз қалдырған ата-аналар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты ТЖД ата-аналарды шомылу кезінде балаларына мұқият қарауға шақырады.
Жетісу облысы ТЖД баспасез кызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -