Жоғары аудиторлық палата кейінгі аудитті жетілдіру жөніндегі ИНТОСАИ жұмысына қатысады: Астана қаласы, 27 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жоғары аудиторлық палата кейінгі аудитті жетілдіру жөніндегі ИНТОСАИ жұмысына қатысады

Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымына (ИНТОСАИ) мүше мемлекеттерде кейінгі аудитті жетілдіру мәселелері ҚР Жоғары аудиторлық палатасы өкілдерінің қатысуымен Арнайы комитеттің онлайн отырысында талқыланды.

Кейінгі аудит жүргізілген аудиттердің қорытындылары бойынша аудит объектілерінің қызметіндегі өзгерістерге мониторинг жүргізу, аудиттің әсерін арттыру, аудиторлық практиканы жетілдіру, аудиторлық ұсынымдарды орындау бойынша кері байланыс алу, аудит объектілерінің есептілігін қамтамасыз ету және аудиторлық ұйымдарға жұртшылық тарапынан сенімді арттыру үшін жүргізіледі.

Отырысқа қатысушылар ИНТОСАИ қауымдастығында кейінгі аудит тетіктері мен әдіснамасын ілгерілету үшін тиісті жұмыс тобын құруды талқылады. Атап айтқанда, ИНТОСАИ елдерінің жоғары аудит органдары (ЖАО) арасында сауалнама негізінде жасалған жұмыс тобын құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі туралы есептің жобасы қаралды. Қазақстанды қоса алғанда, респонденттердің 57%-ы, кейінгі аудитті жүзеге асыратыны атап өтілді.

Кейінгі аудитті жүзеге асыру үшін негізгі сын-қатерлер аудит объектілері тарапынан қарсылық көрсету, мемлекеттік аудиттің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті шектеу, осы саладағы халықаралық стандарттардағы олқылықтар, аудит кезеңінде ықтимал сәйкессіздік, кейінгі аудит жүргізу кезіндегі өкілеттіктер, білікті кадрлардың, ресурстар мен уақыттың жетіспеушілігі болып айқындалды.

Жұмыс тобының қызметін іске қосу 2025 жылы жоспарланып отыр.

Анықтама ретінде: қазіргі уақытта ИНТОСАИ195 қатысушы елден тұрады. Олардың ішінде Австралия, Бельгия, Вьетнам, Германия, Испания, Канада, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Сингапур және т.б. елдер бар.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымына (ИНТОСАИ) мүше мемлекеттерде кейінгі аудитті жетілдіру мәселелері ҚР Жоғары аудиторлық палатасы өкілдерінің қатысуымен Арнайы комитеттің онлайн отырысында талқыланды.

Кейінгі аудит жүргізілген аудиттердің қорытындылары бойынша аудит объектілерінің қызметіндегі өзгерістерге мониторинг жүргізу, аудиттің әсерін арттыру, аудиторлық практиканы жетілдіру, аудиторлық ұсынымдарды орындау бойынша кері байланыс алу, аудит объектілерінің есептілігін қамтамасыз ету және аудиторлық ұйымдарға жұртшылық тарапынан сенімді арттыру үшін жүргізіледі.

Отырысқа қатысушылар ИНТОСАИ қауымдастығында кейінгі аудит тетіктері мен әдіснамасын ілгерілету үшін тиісті жұмыс тобын құруды талқылады. Атап айтқанда, ИНТОСАИ елдерінің жоғары аудит органдары (ЖАО) арасында сауалнама негізінде жасалған жұмыс тобын құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі туралы есептің жобасы қаралды. Қазақстанды қоса алғанда, респонденттердің 57%-ы, кейінгі аудитті жүзеге асыратыны атап өтілді.

Кейінгі аудитті жүзеге асыру үшін негізгі сын-қатерлер аудит объектілері тарапынан қарсылық көрсету, мемлекеттік аудиттің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті шектеу, осы саладағы халықаралық стандарттардағы олқылықтар, аудит кезеңінде ықтимал сәйкессіздік, кейінгі аудит жүргізу кезіндегі өкілеттіктер, білікті кадрлардың, ресурстар мен уақыттың жетіспеушілігі болып айқындалды.

Жұмыс тобының қызметін іске қосу 2025 жылы жоспарланып отыр.

Анықтама ретінде: қазіргі уақытта ИНТОСАИ195 қатысушы елден тұрады. Олардың ішінде Австралия, Бельгия, Вьетнам, Германия, Испания, Канада, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Сингапур және т.б. елдер бар.

Аймақтағы жаңалықтар