ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АРМЕНИЯ МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ
Бүгін, 16 қазанда, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен кездесу өткізді.
Іс-шараға Қазақстан тарапынан ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, ҚР ҒЖБМ халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а. Рауза Мендалиева қатысты. Армян делегациясы тарапынан Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев, Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің қазіргі заманғы өнер басқармасының басшысы Светлана Саакян, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Елшілігінің үшінші хатшысы Сурен Аветисян қатысты.
Кездесуде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, сондай-ақ бірлескен ғылыми-білім беру форумдарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Саясат Нұрбек Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған ведомство жүргізіп жатқан реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды. Ол сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылуы туралы тоқталып өтті. Екінші тарап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік оқу орындарының филиалдарын тарту тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді.
Кездесу нәтижесінде жоғары білім және ғылым саласында тәжірибе алмасу бойынша бастамалар ұсынылды, сондай-ақ бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -