Жоғары Сот Кеңесі мүшелері Хабар 24 телеарнасының «Дневная смена» бағдарламасына қатысты
Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері О.Ю.Цай, Е.Н. Бегалиев, Ж.С. Мирзалиев және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қ.Қ. Мусин Хабар 24 телеарнасының «Дневная смена» бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама барысында Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен оның өкілеттіктері, судьяларды іріктеу тәртібі мен судья лауазымына орналасу шарттары талқыланды.
Кеңес өкілдері жүргізушінің бірқатар сұрақтарына, атап айтқанда судьяларға қойылатын талаптар, Сот жюриінің рөлі мен қызметі, судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіздер туралы жауап берді.
Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмаушылық қағидаттарын түсіндірді.
Сондай-ақ, Сот төрелігі Академиясында оқудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді.
Хабар 24 телеарнасының «Дневная смена» бағдарламасына қатысу Кеңес қызметінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру жолындағы кезекті қадам болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -