Жоғары Сот Кеңесінің қолдауымен Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өткізілді
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров, Комитет мүшелері, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов, Кеңес мүшелері, аппарат қызметкерлері, Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин және Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Д. Малахов Жоғары Сот Кеңесі сот білімін жетілдіру және Сот төрелігі академиясының мәртебесін нығайту жөніндегі жұмысты жандандырғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді.
«Академия Кеңестің қарауына берілген бері сапалы өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және ғылыми зерттеулерді кеңейтуге бағытталған тиімді шаралар қабылдануда. Қысқа мерзімді перспективадағы маңызды қадамдардың бірі ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураны енгізу болып табылады, бұл судьялардың біліктілігін одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді», - деп атап өтті Д.Малахов.
Қ. Мусин Академияның қазіргі қызметі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады. Академия оқу процесін жаңғыртуға және инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға кірісті.
Өз сөзінде Ж. Асанов судья кадрларын даярлау сапасын арттырудағы оң динамиканы және соның нәтижесінде Сот төрелігі академиясын сәтті бітірген судьялар санының өсуін айтты.
Сенаторлар судьялыққа үміткерлер мен заң қоғамдастығы тарапынан Академияға деген қызығушылықтың айтарлықтай өскенін атап өтті. Бұл Кеңестің сот білімін жетілдіруге белсенді қатысып, оның дамуындағы негізгі мәселелерді шешуге көп көңіл бөлетіндігінің көрінісі.
«Бүгінде Жоғары Сот Кеңесімен сот білімін жетілдіру және еліміздегі судьяларды даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылатын Сот төрелігі академиясын дамытуға бағытталған бастамалары судьялар корпусының сапалы деңгейін арттыруға әсер етуі тиіс», - деді Н. Бекназаров.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сот жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайту және Қазақстанда заң білімінің сапасын арттыру үшін одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -