Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д. М. Малахов азаматтарды кезекті қабылдау өткізді
Кеңес Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында алдын ала жазылу бойынша тұрақты негізде оларды жеке қабылдау жүргізеді. 2024 жылғы 11 және 13 қарашада Кеңес Төрағасы азаматтарды кезекті қабылдауларды өткізді, оның барысында 4 адам қабылданды, оның 2-і қызметтегі судьялар. Қабылдау шеңберінде өтініш берушілер судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде судьялық әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ судьялық лауазымдарға конкурсқа қатысу бөлігінде мәселелерді көтерді. «Кеңес судьялық лауазымдарға конкурстық іріктеуді судья лауазымында жұмыс істеуге лайықты үміткерлерді анықтау үшін HR-құралдардың кең спектрін пайдалана отырып, әрбір кандидатты терең және жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асырады.Іріктеу кезінде әрбір кандидат бойынша назар аударарлық барлық мән-жайлар, оның ішінде жұмыс өтілі, сот төрелігін іске асыру сапасы, қаралатын істердің күрделілігі, мінсіз беделдің болуы, судьялық әдеп нормаларының сақталуы ескеріледі.БАҚ пен әлеуметтік желілердің мониторингі арқылы жұртшылықтың пікірі, сондай-ақ Кеңестің интернет - ресурсына келіп түсетін азаматтардың пікірлері және ведомстволық деректер базасынан алынған мәліметтер зерделенеді», - деп атап өтті Малахов Д.М.Қабылдау қорытындысы бойынша Кеңес төрағасы тиісті түсініктемелер және өтініштерді қосымша қарау бойынша тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -