Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдады
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдады. Кезекті қабылдауда 5 адам қабылданды.
Қабылдау шеңберінде өтініш берушілер біліктілік емтиханы нәтижелерінің қолданылу мерзімдері және судья лауазымына конкурсқа қатысуға рұқсат беру, судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде судьялық әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ жергілікті соттар қабылдаған сот актілерімен келіспеу бөлігінде мәселелер көтерді.
Қабылдау қорытындысы бойынша Төраға біліктілік емтиханын тапсыру мәселелері, заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдану және судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасау тәртібі туралы толық түсініктеме берді.
Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Д. Малахов алдын ала жазылу бойынша күнделікті негізде азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша қабылдаулар жүргізеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -