Жол құрылысы және жол жөндеу бойынша 66 жоба жүзеге асырылуда
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет:«Ақтөбеде 2024 жылға автомобиль жолдарын салу және жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 98 км құрайтын 66 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр.
Оның ішінде жалпы ұзындығы 30,8 км болатын жолдардың құрылысы және реконструкциясы бойынша 18 жоба жүзеге асырылуда. Кірпішті тұрғын алабына қарай Елек өзені арқылы өтетін көпірден «Ақтөбе-Орск» автожолына дейінгі жол, Кірпішті тұрғын алабының ішкі көшелері, Заречный-3 елді мекенінде Ер Тарғын көшесі салынып жатыр. “Шестихатка” (Жаңақоныс) алабында Абай қөшесінен Едіге батыр даңғылына шығатын жол салынуда, Шилісай, Ясный-2 тұрғын алаптарында жолдар салынады.
Мәңгілік ел көшесінің Х.Досмұхамедұлы көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне дейінгі бөлігінде, Х. Досмұхамедұлы көшесінде Оңтүстік айналмаға дейін жол құрылысы жүруде.
Сондай-ақ, осы жол құрылысының 18 жобасына К.Нокин (Астана бөлігі), Қызылжар-3, Бауырластар-1, 2, 4, Жаңақоныс-3, 4, Қурайлы тұрғын алаптары, Елек өзені арқылы өтетін көпір және Қарғалы өзені арқылы өтетін көпір кіреді.
Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 28 км болатын Жұмабаев, С.Разин, Мәскеу, Станционная, Локомотивная, Қазанғап, Тілепбергенов, Нахимов, Хмельницкий, Целинная, Телефонная, Илецкая, Солнечная көшелерінің, Оңтүстік-батыс-1 және Оңтүстік-Батыс-2 тұрғын алаптарының көшелерінің жолдары, Қурайлы тұрғын алабы Есет батыр көшесінің, Жаңақоныс тұрғын алабы Әуезов көшесінің жолдары күрделі жөндеу жобасымен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, жолдарды орташа жөндеуге жататын 22 жобаға жалпы ұзындығы 23,7 км жол кіреді. Алтынсарин көшесі, Бейбітшілік даңғылы, Ағайынды Жұбановтар, Ш.Уәлиханов көшелері, Заречный-3 тұрғын алабындағы Ташенов көшесі, М.Оспанов, Сейітов, Т.Жүргенов, Ақтан Керейұлы, Маресьев, Ш.Қалдаяқов, Мұхамед-Салық Бабажанұлы, Пожарский көшелері, Ә.Молдағұлова даңғылы, Лачугин көшесі, Сәнкібай батыр даңғылы (Әлия Молдағұлова даңғылынан бастап Сәтпаев көшесіне дейін), Жаңақоныс тұрғын алабының Бейбітшілік, Жеңіске 40 жыл көшелері, Ораз Тәтеұлы, Бұлқышев көшелері, Нокин тұрғын алабының көшелері орташа жөнделуде.
Сол сияқты, Батыс-2 ауданы (2 жоба), Жаңақоныс-2, Бауырластар-3, Сазды, Саяжай, Ақжар-2 тұрғын алаптарында, Есет батыр тұрғын алабының 3 және 7-ші шағын аудандарында бой көтеретін жайлы мектептерге кіреберіс жолдар салынады.
Қаламыздың аса өзекті мәселелердің бірі – көп аумақтарда суағарлар мен арықтардың тозуы мен жоқтығы. Бұл ауқымды мәселені шешу мақсатында, биыл 11-ші шағын ауданы мен Авиатор ауданында нөсер кәріздерін салу жұмыстары басталды».
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -