Жылыту маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы
Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мереке Жұмағалиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жылыту маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы тақырыбында сөз сөйледі.
Облыс аумағында 572 өрт оқиғасы тіркелді, өртте 3 адам қаза тауып, 8 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын алдын алуға бағытталған іс-шаралардың бірі – тұрғын үйлерде улы газ датчиктерін орнату болып табылады.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдар мен демеушілердің қолдауымен әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне 362 датчик орнатылды. Оның ішінде, ағымдағы жылы 105 датчик орнатылса, былтырғы жылдан орнатылған 257 датчик бар.
Бұдан бөлек, демеушілердің көмегімен «
Qazaqgaz
Aimaq»
АҚ
Батыс Қазақстан өндірістікфилиалымен
бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне газ анализаторларын орнату жұмыстары да қолға алынды.
2023-2024 жылу беру кезеңінде есепке алынған 443 отбасының тұрғын үйлеріне 424 датчик орнатылды.Сонымен бірге, облыс аумағында улы және табиғи газбен улану фактілерінің алдын алу мақсатында ұялы байланыстың барлық абоненттерін қамтитын СМС-хабарламалар жіберіледі.
Трғын үй секторында өрттердің, адамдардың улы немесе табиғи газбен улануының алдын алу және тұрғындардың өрттерде қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында Департамент тұрғындар мен ұйым басшыларына келесі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды:
- үй-жайларда электр бұйымдарының артық жүктемесін болдырмауды;
- балаларға пешті және газ құрылғыларын бақылауды тапсырмауды;
- балаларды үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырмауды;
- тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын қатаң сақтауды;
- түтін мұржаларын уақтылы тазалауды жүргізуді сұрайды.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -