Бас прокуратурада футзал чемпионаты өтті
Прокуратура органдары күніне арналған футзал чемпионаты аяқталды.
Чемпионат а.ж. 18-20 қараша аралығында Бас прокуратураның спорт залында өтті, оған 8 құрама команда қатысты.
Қызметкерлер жарысқа белсенді атсалысты және тартысты ойын көрсетті.
Ойындардың қорытындысы бойынша үшінші орынды ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің командасы иеленді.
Екінші орынды 4 қызмет және ҚР БП Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің құрама командасы алды.
ҚР БП Құқық қорғау органдарының Академиясы көшбасшылық үшін күресте жеңіске жетті.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша бірқатар үздік ойыншылар анықталып, марапатталды.
Сөйтіп, Диас Сабыров – үздік ойыншы, Батырхан Жағыпаров – үздік шабуылдаушы, Самат Бұдықов – үздік қорғаушы және Арсен Рахымқұлов – үздік қақпашы атанды.
Жарыстың жабылу салтанатында Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы Аида Әнуар жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және дипломдар табыс етті.
Ұжымда салауатты өмір салтын насихаттауға, ұжымды біріктіруге, стрессті азайтуға және қызметкерлердің тиімділігін арттыруға бағытталған осындай жарыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -