2024 жылдың 28 тамызында Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде Өскемен ГЭС ауданында автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -