2025 жылға арналған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімі бойынша
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында 2025 жылға арналған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін жүргізеді. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде 2025 жылға жоспарланған көрсетілетін қызметтер көлеміне өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 27 қараша сағат 10:00-ден бастап 3 желтоқсан сағат 18.30-ге дейін жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау субъектілері жоспарланып отырған көлемдерге өтінімді денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталында https://fms.ecc.kz/ сілтеме бойынша бере алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -