6 қазанда ақтөбеліктер автобустарда тегін жүреді
Ақтөбеде референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. 6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.
Автобустар таңғы 6:00-ден бастап жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына “Автопарк”, “Қала транс”, “Ақжайық автопарк”, “Табыс Ақтөбе” және “РТТ групп” ЖШС тасымалдаушы компаниялары қызмет көрсетеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -