Жалға алушылар аялдама павильондарын жаңартуда
Ақтөбе қаласының әкімдігі көп жылдар аялдама павильондарын жалға алып отырған кәсіпкерлерге жаңа жылы аялдама салу талабын қойды. Себебі бұл аялдамалар ұзақ жылдардан бері жаңартылмай, әбден ескірді, қаланың келбетін бұзып тұр. Ал аялдама павильонында өз кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкер қалалық архитектура және қала құрылысы бөлімі ұсынған бекітілген эскизге сәйкес жаңа аялдама орнатқан жағдайда ғана кәсібін жалғастыра алады. Осы талап бойынша кәсіпкерлер ескі аялдамаларын демонтаждап, жаңаларын орнатуға кірісіп жатыр. Жақында Маресьев көшесінде, Рысқұлов көшесінде (“АПК”), Әбілқайырхан даңғылында (“Студерттер”) аялдамалар алынып тасталды. Жыл аяғына дейін кәсіпкер жаңа жылы аялдама орнататын болады. Ал Әйтеке би көшесіндегі “Пионер” аялдамасының құрылысы аяқталу сатысында. Сол сияқты, Рысқұлов көшесінде “23 мектеп аялдамасы”, ағайынды Жұбановтар көшесінде “Сәтбаев аялдамасы”, Шәйкенов көшесінде “9 мектеп аялдамасы”, Мясоедов көшесінде “ЖД аурухана аялдамасы”, Әбілқайыр хан даңғылында “Студенттер аялдамасы” және Авиагородокта “Анвар” аялдамасы павильон ашып отырған кәсіркерлердің күшімен жаңартылатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -