Астана ауданының тұрғындарымен кездесу өтті
Қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен Шығармашылық академиясында Астана ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.
Алдымен аудан әкімі Алмас Жақсылықов өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарларды баяндады. “Ең бастысы “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасына тоқталайын. Биыл өткен жылы Астана ауданының тұрғындары өздері таңдаған бірнеше жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Оның ішінде, аудан аумағында 22 футбол алаңын, 3 баскетбол алаңы, 18 спорт алаңын, 2 жаяу жүргінші жолын, 29 балалардың ойын алаңын осы бағдарлама бойынша салып жатырмыз. Сондай-ақ көп қабатты 31 үйдің ауласы абаттандырылуда (жарықтандыру, беседка, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату)”, - деді А.Жақсылықов.
Тұрғындар қоғамдық көлік, аулаларды абаттандыру, жолдарды асфальттау бойынша сұрақтар қойды. Биыл Астана ауданында 23 аулаішін асфальттау, жарық шамдарын, тротуар орнату жұмыстары басталды. Жұмыстар 2025 жылы аяқталатын болады.
Бұдан бөлек, аудан аумағында жаяу жүргінші жолдарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша 18 жерде (4550 м2) жаяу жүргінші жолдары жөнделіп, қазіргі уақытта қолданысқа берілді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Астана ауданы әкімдігі 4 учаске бойынша тозығы жеткен және көктемгі-күзгі мезгілдерде су жиналатын жерлерде тротуарларды жаңарту жұмыстарын жүргізуде.
Өткен жылы қоғамдық тасымалмен айналысушы 4 компания қалаға 120 жаңа автобус әкелді. Биыл қазан айында 30 жаңа автобус әкелінді. Тағы 65 автобус алу жоспарлануда.
Тұрғындармен кездесуден кейін қала әкімі Азамат Бекет жеке сұрақтары бойынша жазылған 25 азаматты қабылдады. Барлық мәселелер бойынша шешу жолдары нақты қаралып, ұзақ мерзімді қажет ететін сұрақтарға қатысты жауапты бөлімдер басшыларына заң аясында тапсырма берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -