Ақ халатты абзал жандар марапатталды - ШҚО
Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлері күні. Бұл күн елімізде 1998 жылдан бері атап өтіліп келеді. Осы кәсіби мерекеге орай бүгін Өскеменде жауапты міндет арқалаған ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетілді.Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдегі адам жанының арашасы болған медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.- Ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Бұл кісілер өзгелердің өмірі мен денсаулығы үшін күн-түн демей демалыссыз жұмыс істейді. Мереке күндерінде де отбасының емес, науқастардың жанынан табылады. Адам баласына өмірде білім, мәдениет және денсаулық керек. Басты байлық - денсаулық. Сондықтан да медицина саласына көңіл бөлу, дамыту өте маңызды, - деп атап өтті аймақ басшысы Ермек Көшербаев.Бұл күні медицина саласының үздіктеріне «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі мен алғыс хаттар табыстады.- Медицина саласында қызмет етіп келе жатқаныма 45 жыл боды. Кәсіби мереке кезінде еңбегіміз еленіп жатқанына шын жүректен қуаныштымын. Бүгінде жаңа технологияның арқасында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келді. Осындай қолдау барда халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етуге дайынбыз, - деді «Еңбек ардагері» медалінің иегері, облыстық аурухананың дәрігері Жайнагүл Ахмадиева.Өңірде денсаулық саласының дамуына зор басымдық беріліп отырғаны белгілі. Былтыр ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсарту мақсатында облыста 17 медициналық пункт салынып, ел игілігіне берілген болатын. Ал биыл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін облыстың сегіз ауданында 18 медицина мекемесін салу жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -