Ақмола облысында Прокуратура күні аталып өтті
Көкшетауда Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының құрылған күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері қатысты.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.
«Прокуратура органдары әрқашан құқықтық тәртіп жүйесінің маңызды буыны болып қала бермек. Қоғамымыздағы әділдік пен заңдылық сіздердің принципшілдіктеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және кәсібиліктеріңізге байланысты. Осы айтулы күнмен құттықтай отырып, халық пен мемлекет үшін қызметте табыс тілеймін», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Салтанатты шара барысында құқықтық жүйені дамытуға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін прокуратураның үздік қызметкерлері марапатталды. Оларға «С.К.Нұрмағамбетовке 100 жыл» медалі, «Прокуратураның құрметті қызметкері» және «Прокуратура үздігі» төсбелгілері, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасы мен Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Мереке Ақмола облыстық филармониясы әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -